Спорт
1 мин оқу 590
Асланбек Шымбергенов әлем чемпионатының ширек финалына шықты
<p style="text-align: justify;">Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Асланбек Шымбергенов Израиль спортшысы Мирослав Капулер-Ищенконы жеңді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Күндізгі сессияда Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов Израиль боксшысы Мирослав Капулер-Ищенкомен жұдырықтасты.
Асланбек барлық раундта басымдық танытып, үшіншісінде қарсыласын нокдаунға жіберді. 71 келі салмақ дәрежесіндегі жекпе-жекте Қазақстан спортшысы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Сондай-ақ бүгін турнирде Қазақстанның тағы төрт өкілі өнер көрсетеді. Олар: Нұрбек Оралбай (80 келі), Махмұд Сабырхан (54 келі), Дулат Бекбауов (67 келі) және Нұрқанат Райыс (75 келі).
Бөлісу: