Спорт
1 мин оқу 620

Махмұд Сабырхан ширек финалға жолдама алды

<p style="text-align: justify;">Қазақстан боксшысы Махмұд Сабырхан Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;<a href="https://prosports.kz/kz" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Prosports.kz-ке </a>сілтеме жасап.</p>

1/8 финалда қазақстандық спортшы Махмұд Сабырхан Үндістан өкілі Сачин Савичпен кездесті. 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жекпе-жекте төрешілердің шешімімен (5:0) Махмұд Сабырхан жеңіске жетті.

Еске салайық, 1/16 финалда М.Сабырхан венгриялық спортшы Иштван Сакадан басым түскен болатын.

Бүгін кешкі сессияда Қазақстанның тағы екі өкілі өнер көрсетеді. Олар: Дулат Бекбауов (67 келі) пен Нұрқанат Райыс (75 келі).

Бөлісу: