Спорт
1 мин оқу 610

Әлем чемпионаты: Дулат Бекбауов үндістандық боксшыны жеңді

<p style="text-align: justify;">Қазақстан боксшысы Дулат Бекбауов Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

67 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалда Д. Бекбауов үндістандық Акаш Сангванмен жұдырықтасып, төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Дулат Бекбауов Қазақстан құрамасы сапында әлем чемпионатының ширек финалына шықты. Бекбауов 2022 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері. Сондай-ақ өткен жылы ол «кіші әлем чемпионатында» күміс медаль жеңіп алған еді.

Бөлісу: