Спорт
1 мин оқу 350

Еламанның алтыны

<p style="text-align: justify;">Ауыр атлетикадан Оңтүстік Кореяның Чинджу қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Еламан Сейітқазы кіші алтын медаль иеленді.</p>

Еламанның алтыны

81 кило сал­мақ дәрежесінде өнер көр­сет­кен қанда­сы­мыз жұлқа кө­теру жат­ты­ғуында алдына жан салмады. Ал­­ғашында 147 және 151 ки­лолық зілтемірді тік көтер­ген ол үшіншісінде тапсырыс берген сал­мағын та­ғы төрт килоға арттырды. Себебі қар­сы­ластары да одан қалыспай, өкшелеп келе жатқан. Олардан озу үшін тәуекелге баруға тура келді. Иә, 155 килолық зілтемірді ең­серу Еламанға оңай болмағаны рас. Ол әрлі-берлі теңселіп барып, ақырында көз­деген мақсатына қол жеткізді. Осылайша, Сейітқазы кіші алтын медаль иеленді.

Өкінішке қарай, жаттығудың екінші түрін­де қазақ ауыр атлеті сенім үдесінен шыға алмады. Серпе көтеруде Еламан Сейітқазы үш мүмкіндігін де пайдалана алмай, жарыс жолынан шығып қалды.

Бөлісу:
Еламанның алтыны · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар