Қаржы
1 мин оқу 300

Елден заңсыз ақша шығармақ болған елордалық ұсталды

<p style="text-align: justify;">Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде 100 млн теңгеден астам сомаға ақшалай қаражатты, сондай-ақ 1 құйма тазартылған алтынды заңсыз әкету әрекетін анықтады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Мәселен, Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде «Астана-Анталия» әуе рейсін тексеру кезінде 118 392 АҚШ доллары, 28 750 рубль, 92 885 еуро сомасында декларацияланбаған қолма-қол ақшасы табылған азамат тоқтатылды.

«Астана қаласы бойынша МКД жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасынан 10 000 АҚШ доллары баламасынан асатын сомадағы қолма-қол шетел валютасын және шетел валютасындағы ақша құралдарын әкетуге, сондай-ақ тазартылған алтынды әкетуге тыйым салынатыны туралы еске салады. Бұл ретте мұндай бұзушылықтар анықталған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік көзделеді», делінген департамент таратқан хабарламада.

Бөлісу: