Бокс
1 мин оқу 2,370

Әлем чемпионаты: Қазақстандық боксшылардың жарыс кестесі жарияланды

<p style="text-align: justify;">12 мамырда Ташкентте өтетін әлем чемпионатының жартылай финалындағы қазақстандық боксшылардың жекпе-жек кестесі белгілі болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://www.sports.kz/news/poyavilos-raspisanie-polufinalnyih-boev-kazahstantsev-nachm-2023-poboksu">Sports.kz-ке</a> сілтеме жасап.</p>

Түстен кейінгі сессияда (Астана уақытымен 15:00) Қазақстан құрамасының үш өкілі рингке шығады: 48 келіге дейінгі салмақта Санжар Тәшкенбай ресейлік Эдмонд Худоянмен (2-жұп) жұдырықтасады. Бұдан соң 54 келі салмақта кубалық Йосвани Вейтиамен Махмұд Сабырхан (3-жұп) шығады. Дулат Бекбауов 67 келі салмақта грузин боксшысы Лаша Гурулимен кездеседі (7-жұп).

Кешкі сессияда (19:00) еліміздің тағы екі спортшысы шаршы алаңға шығады: 71 келіге дейінгі салмақта Асланбек Шымбергенов пен үндістандық Нишант Дев, 80 келі салмақта Нұрбек Оралбай мен Имам Хатаев (Ресей) жұдырықтасады.

Бөлісу: