Спорт
1 мин оқу 270

Жарысты сәтті бастады

<p style="text-align: justify;">Италияның астанасы &ndash; Римде теннис&shy;тен ерлер мен әйелдер арасындағы &laquo;Мас&shy;терс&raquo; турнирі басталды. Бұл жарыста Қазақстанның төрт ойыншысы бақ сынауда.</p>

Жарысты сәтті бастады

Алғашқы болып кортқа Александр Буб­лик (№46). шықты. Ол испаниялық Педро Мартинес-Портеромен (№142) күш сынасты. Бұл бәсекеде жерлесіміз 6:3, 7:6 есебімен же­ңіске жетті. Енді Бублик америкалық Бен Шел­тонмен (№34) шеберлік байқасады. Көп кешікпей Юлия Путинцева (№56) бой көр­сетті. Отандасымыз болгариялық Вик­тория Томовадан (№70) басым түсті. Есеп – 6:7, 7:6, 6:0. Келесі айналымда Путинцева АҚШ-тың аса мықты ойыншысы Кори Гауфпен (№5) кездеседі. Кеше Анна Данилина/Ти­мей Бабош (Қазақстан/Мажарстан) жұбы Эйжа Мұхаммад/Джулиан Олмосқа (АҚШ/Мексика) қарсы ойнады. Ал еліміздің бірінші және әлемнің алтыншы ракеткасы Елена Рыбакина бұл жарысты бірден екінші кезеңнен бастайды. Оның қарсыласы – италиялық Ясмине Паолини (№65).

Римдегі турнирде әйелдер арасындағы жарыстың жүлде қоры 3 572 618 еуроны құ­раса, ерлер 7 705 780 еуроны сарапқа салады.

Бөлісу:
Жарысты сәтті бастады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар