Спорт
2 мин оқу 315

Жеңілістен көз ашар емеспіз

<p style="text-align: justify;">Дзюдодан Дохада өтіп жатқан әлем чемпио&shy;на&shy;тының төртінші күні тағы екі салмақ дәрежесінің жүлделері сарапқа салынды. Өкінішке қарай, ел намысын қорғаған Абылайхан Жұбаназар мен Есмигүл Куюлова ел сенімін ақтай алмады.</p>

Жеңілістен көз ашар емеспіз

81 кило салмақ дәрежесінде күш сынасқан Абылайхан Жұ­­баназар алғашқы айналым­да пор­тугалиялық Жоао Фер­­нандоның аяғын көктен кел­тірді. Келесі ке­зеңде оның бра­зилиялық Эдуардо Юдиді де ұта­тынына біздің кү­мәніміз жоқ еді. Өйткені бәсеке барысында қарсыласы екі шидо алды. Ал дзюдо күресінің ережесі бойынша үш ескерту алған балуан автоматты түрде жеңілген бо­лып есептеледі. Алайда ше­шуші тұста салқынқандылық сақ­та­ған­ның орнына жанұшыра алға ұм­тылған қандасымыз өрескел қа­­телікке бой алдырды. Юди бұл мүм­кін­дікті қалт жібермей, оны ип­понға түсірді. Сөйтіп Абы­лайхан жарыс жолынан шығып қалды.

Бұл салмақта Тато Григала­швилиге тең келер ешкім табылмады. Былтыр әлем және Еу­ропа чемпионаттарын қа­тарынан бірінен кейін бірін ұт­қан Грузияның саңлағы финалда Олимпиаданың қола жүл­дегері, әлем чемпионы, Еу­ро­па ойындарының жеңімпазы бель­гиялық  Маттиас Кассені қапы қалдырды. Жапониялық Таканори Нагасе мен оңтүс­тіккореялық Ли Жонхван қола медаль иеленді.

63 кило салмақтағы Ес­мигүл Куюлова тұсаукесер ке­зде­суінде тым мықты қар­сыласқа тап болды. Ресейлік Камила Бадуова 2018 жылы Бакуде өткен әлем чемпио­натында қола медаль иеленіп, Дүниежүзілік универсиадада екі рет жеңіс тұғырына көтерілді. Дүние­жүзілік әскерилер ойын­дарында күміспен күптеліп, Қа­рулы күштер арасындағы әлем біріншілігінде қолаға қол созды. Бұл белдесуде Бадуова айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Әйелдер арасындағы жарыста Кларисс Агбеньену алдына жан салмады. Бұл нәтижеге жан­күйерлер аса таңдана қойған жоқ. Себебі Рио және Токио Олим­пиа­даларында тиісінше күміс пен ал­тын алып, әлемнің алты дүркін чем­­пионы атанған 30 жастағы Фран­ция дзю­дошысының қар­қы­нына төтеп бере алатын дзюдошы кемде-кем. Агбеньену ақтық сында сло­вениялық Ан­дрея Лешкиді сан соқ­тырды. Ма­жарстандық Софи Оз­бас пен нидерландтық Джоанн ван Лисхаут үшінші сатыға табан тіреді.

Бөлісу:
Жеңілістен көз ашар емеспіз · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар