Әскер
3 мин оқу 500

«Qaisar» десе – қайсар

<p style="text-align: justify;">Елордада Отан қор&shy;ғаушы мен Жеңіс күніне орай, &laquo;Qaisar&raquo; әскери-патриоттық ойын&shy;дары өтті. Екі күн&shy;ге жалғасқан іс-ша&shy;раны &laquo;Amanat&raquo; партия&shy;сының &laquo;Жастар рухы&raquo; жастар қанаты ұйымдастырды. Пат&shy;риоттық ойынға рес&shy;пуб&shy;ликаның түкпір-түкпірінен 3 мыңға жуық жас қатысып, бақ сынасты.</p>

«Qaisar» десе – қайсар

Іс-шараға Пар­ламент Мәжілісінің депутаты Дәу­лет Тұрлыханов, Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов, «Amanat» партиясының хат­шысы Дәу­лет Кәрібек және қарулы күштердің ардагерлері, танымал спортшылар қатысты.

– Жүрегінде отаншыл­дық рухы жалындаған жас­тардың жаңа буыны өсіп келе жатқанына бәріміз куәміз. Тәуелсіздігімізді ны­ғайтып, елімізді одан әрі өркендету қазіргі ұрпақтың қасиетті борышы. Дәстүрге айналып келе жатқан «Qaisar» әскери-патриоттық ойындары – отаншыл жас­тарды адал қызмет етуге, ел қорғаны болуға тәрбиелейтін бірегей алаң. Былтыр іріктеу кезеңіне 1 700-ге жуық жас азамат қатысқан болса, биыл қатысушылар саны 3 мың­нан асты, – деді жиында «Amanat» партиясының хатшысы Дәулет Кәрібек.

Жалпы, партияның жас­тар қанаты бұл жобаны іске қосатынын былтыр «Amanat»-тың кезектен тыс XXII съезінде мәлімдеген еді. Биыл, міне, екінші мәр­те аймақтарда 15-25 сәуір аралығында іріктеу жүр­гізілді. Бұл жолғы ойын бұрынғыдан өзгерек. Іс-шарада десанттық-шабуыл­дау әскерлері соғыстағы ұрыс барысын бейнелейтін көрініс қойды. Ал әлемге танымал атлет Сергей Цы­рульников  жастардың ал­дын­­да өз күшін көрсетіп, жи­нал­ған көпшілікті тәнті етті. Жиылғандар тілек айтып, ардагерлер ақ батасын берді.

– Ел қорғау – қасиетті борыш. Біз ақылды, сабырлы, санасы сергек, ойы ұшқыр жастарға қарап сүйсінеміз. Әрдайым қайсар, өжет, алғыр болыңдар. Ата-баба­дан аманат болып қалған ата­мекенімізді қорғай білің­дер. Абыройларың аспандай берсін, – деді Қарулы күштер ардагері, контр-адмирал Ратмир Комратов.

Екі күнге жалғасқан бә­секеде финалистер қатарына ілігу үшін қатаң іріктеуден өтті. Нәтижесінде, шешуші сайысқа 120 қатысушы жол­дама алды. Олар қашық­тыққа жүгіріп, арнайы әс­ке­ри жаттықтырушылар дайын­­даған кедергілермен жүріп сыналды. Сонымен қатар саптық дайындық деңгейлері көрсетіліп, «Ме­нің елім – Қазақстан» атты әскери-танымдық викторинада білімдерін шыңдады.

– Еліміздің түкпір-түк­пірінен жүзден жүйрік, мың­нан тұлпар жастар жинал­ды. Сіздер өз өңір­леріңізде қатардан қара үзіп, бүгінгі соңғы кезеңге жолдама алып келдіңіздер. Ал енді елорда төрінде жеңіске же­ту үшін осыған дейін жи­ған білім-біліктеріңізді, дара дағдыларыңызды, төзім­деріңізді танытасыздар деген ойдамын. Тіпті, ара­ларыңызда болашақ Отан қорғаушылар, сержанттар мен офицерлер тұрғанына сенімдімін, – деді Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов.

Сайыс қорытындысы бойынша, Түркістан облы­сының командасы жүлделі бірінші орынды иеленсе, Қарағанды облысының оқу­шылары екінші орынды қанжығасына байлады. Ал үшінші орынды Алматы қаласының командасы місе тұтты. Ұйымдастырушылар әр өңірдің үкілеген үмітін арқалаған өрендерге бағалы сый-сияпаттар табыстады.

– Жастар – егемен елі­міздің болашағы. Сон­дық­тан бұл іс-шара бәріміз үшін маңызды. Әрқайсыңыз тәрбиелі, білімді, мәдениетті, намысты азамат болып өсіп келе жатқандарыңызға сенімдімін. Өмірлеріңізде асықтарыңыз үнемі алшысынан түсуін тілеймін. Осы орайда, «Amanat» партиясына және бұл іс-шараның өтуіне атсалысқан азаматтардың бәріне алғы­сымды білдіремін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш бол­ғай, – деді Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов.

Ал Түркістан облысынан келген команданың мү­шесі Стас Грачев бұл жеңіс оңайлықпен келме­генін, алай­да осы уақыт ара­лы­ғын­да балалар жаңа дос тап­қанын айтты.

Бөлісу:
«Qaisar» десе – қайсар · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар