Бокс
1 мин оқу 2,160

Бокстан әлем чемпионаты: Бүгін жартылай финалда кімдер жұдырықтасады?

<p style="text-align: justify;">Бүгін Қазақстанның бес боксшысы Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының финалдық кезеңінде жұдырықтасады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Sports.kz сайтына сілтеме жасап.</p>

Түстен кейінгі сессия А рингінде өтеді және Астана уақытымен сағат 15:00-де басталады.

Екінші жұпта Санжар Тәшкенбай (48 келі) ресейлік Эдмонд Худоянмен, үшінші жұпта Махмуд Сабырхан (54 келі) кубалық Йосвани Вейтиамен, жетінші жұпта Дулат Бекбауов (67 келі) грузин Лаша Гурулимен кездеседі.

Сағат 19:00-де В рингінде өтетін кешкі сессия басталады.

Жетінші жұпта Асланбек Шымбергенов (71 келі) үндістандық Дев Нишантпен, оныншы жұпта Нұрбек Оралбай (80 келі) ресейлік боксшы Имам Хатаевпен жұдырықтасады.

Жекпе-жектің тікелей трансляциясы Qazsport телеарнасынан көрсетіледі.

Бөлісу:
Бокстан әлем чемпионаты: Бүгін жартылай финалда кімдер жұдырықтасады? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар