Бокс
1 мин оқу 670
Санжар Тәшкенбай әлем чемпионатының финалына өтті
<p style="text-align: justify;">Ташкентте бокстан әлем чемпионатының жартылай финалдық жекпе-жегі басталды. Байрақты додада қазақстандық бес боксшы бақ сынайды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Күндізгі сессияда бірінші болып ресейлік Эдмонд Худоян мен Санжар Тәшкенбай (48 келі) жұдырықтасты. Жекпе-жектің алғашқы минуттарынан-ақ қазақ боксшысы өзінің тактикасын қолдана бастады. Нәтижесінде үш раундта да сенімді түрде жеңіске жетті. Есеп - 5:0.
Осылайша, С.Тәшкенбай 2023 жылғы әлем чемпионатының финалына жолдама алды. Ол өз мансабында алғаш рет «алтын» үшін жекпе-жек өткізеді.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан финалға жолдама алғанын хабарлаған едік.
Бөлісу: