Бокс
1 мин оқу 990
Үш боксшымыз финалда: Бүгін тағы кімдер рингке шығады?
<p style="text-align: justify;">Бүгін Өзбекстан астанасы Ташкентте бокстан әлем чемпионатының жартылай финалы өтіп жатыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Күндізгі уақытта еліміздің үш боксшысы Санжар Ташкенбай, Махмұд Сабырхан және Дулат Бекбауов шаршы алаңда өнер көрсетіп, үшеуі де финалға жолдама алды.
Енді кешкі уақытта (сағат 19:00) тағы екі боксшымыз Асланбек Шымбергенов (71 келі) пен Нұрбек Оралбай (80 келі) финалға өту үшін бақ сынайды.
Бөлісу: