Оқиға
1 мин оқу 420

Семейде жол апатынан мотоцикл жүргізушісі көз жұмды

<p style="text-align: justify;">Семейде жол апатынан мотоцикл жүргізушісі қайтыс болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

11 мамыр күні сағат 19:00 шамасында Қ.Мұхамедханов – Абай көшелерінің қиылысында Hyundai Sonata автокөлігі Honda мотоциклының жүргізушісімен соқтығысқан. Апат салдарынан 25 жастағы мотоцикл жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Мотоцикл жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында анықталып жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етуге жатпайды.

Бөлісу:
Семейде жол апатынан мотоцикл жүргізушісі көз жұмды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар