Білім
1 мин оқу 1,150
Соңғы қоңырау қашан соғылады?
<p style="text-align: justify;">Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Танатқызы соңғы қоңырауға қатысты ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Әрбір мектеп соңғы қоңырауды өткізу туралы шешімдерді дербес қабылдайды. Айта кететін мәселе, Оқу-ағарту министрлігі соңғы қоңырау рәсімін өткізуге қатысты мектептердің осыған дейінгі бар дәстүрлерін қолдайды. Дегенмен, министрліктің нормативтік құжаттарында бұндай іс-шара өткізу көрсетілмегенін еске салғым келеді. Соңғы қоңырау өткізілген жағдайда Оқу-ағарту министрлігі 1 маусым күні балаларды қорғау күніне орайластырып, соның форматында өткізуді ұсынды», деді Шолпан Танатқызы
Бөлісу: