Білім
1 мин оқу 513
Жас математиктер Балқан олимпиадасында 6 медаль еншіледі
<p style="text-align: justify;">Түркияның Анталия қаласында 40-шы Балқан математикалық олимпиадасы аяқталды. Оған Балқан түбегінің 22 елінен және басқа да мемлекеттерден 130-дан астам оқушы қатысты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. </p>
Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан намысын қорғаған 6 оқушы медальға ие болды.
Олар:
- Байшуақ Райымбек – Алматы қ. Республикалық физика-математикалық мектебінің 11 сынып оқушысы;
- Мирон Юркевич - Алматы қ. Республикалық физика-математикалық мектебінің 10 сынып оқушысы;
- Жан Дәуітов – Қостанай облысы «Білім-инновация» мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы;
- Марғұлан Шарел – Жамбыл облыстық дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 10 сынып оқушысы;
- Мұхаммед Нағашыбек – Астана қ. «NURORDA» мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы;
- Владимир Роговский – Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы.
Айта кетейік, 40-шы Балқан математикалық олимпиадасының мақсаты – математика пәнінен дарынды оқушыларды ынталандыру және дамыту, қатысушы елдер арасында мектеп бағдарламалары мен тәжірибелері туралы ақпарат алмасу үшін ыңғайлы мүмкіндіктер жасау.
Бөлісу: