Әлем
1 мин оқу 385

Мексикада ірі жол апатынан 26 адам көз жұмды

<p style="text-align: justify;">Мексиканың солтүстігіндегі Тамаулипас штатының &nbsp;трассасында тіркемесі бар жүк көлігі мен фургон соқтығысып, 26 адам мерт болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;<a href="https://www.reuters.com/world/americas/tractor-trailer-crash-mexico-kills-13-2023-05-14/" target="_blank" rel="nofollow noopener noreferrer">Reuters агенттігіне</a>&nbsp;сілтеме жасап.</p>

Мексикада ірі жол апатынан 26 адам көз жұмды

Қоғамдық қауіпсіздік министрлігінің мәліметінше, қос көлік штат астанасы Сьюдад-Викторияға жақын маңда соқтығысып, өртенген.

Оқиға орнына барған полицейлер тіркемесі бар жүк көлігі күлге айналғанын көрген. Тамаулипас прокуратурасы ұсынған дерекке қарағанда, тергеушілер жүк көлігінің жүргізушісі хабар-ошарсыз кеткен. Болжам бойынша, жеке көлік компаниясына тиесілі фургон жолаушыларының арасында балалар да болған. Апат құрбандарының бәрі мексикалықтар болған тәрізді, себебі оқиға орнында солардың жеке куәліктері табылды.

Бөлісу:
Мексикада ірі жол апатынан 26 адам көз жұмды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар