Энергетика
1 мин оқу 530

Күннен де, желден де қуат алады

<p style="text-align: justify;">Жезқазғанның жанында қуаты 1,2 МВт құрайтын күн электр стансасының құрылысы аяқталды. Бұл нысанның құрылысына 378 млн теңгеден аса қаржы тартылды.</p>

Күннен де, желден де қуат алады

Бір жарым гектар аумақты алып жатқан станса пай­далануға берілген алғашқы жылда 1,88 млн кВт/с электр энергиясын өндіреді деп күтілуде. Бірақ бұл облыс орта­лығындағы электр сұра­нысының небәрі 10 пайызын ғана қанағаттандырады. Сондықтан жергілікті билік энергияның баламалы көздерін одан әрі дамыту үшін тағы бір­не­ше жобаны қолға алмақ.

– Біз біртіндеп энергияның балама көздеріне, яғни, жасыл энергияға назар аударатын боламыз. Соның бір дәлелі, Күн стансасынан бөлек, енді жел қуатын да пайдалануды көздеп отырмыз. Жезқазған – Сәтбаев қалаларының ортасынан қуаты 200 МВт жел электр стансасын салу жобасы дайын. Бұл жобаның құрылысына бір мезгілде 250 жұмыс күші тартылатын болады, дейді Ұлытау облы­сы энергетика және тұрғын үй-коммуналды шаруашылығы басқармасының басшысы Алмаз Жандарбеков.

Күнге де, желге де жерімізде зәрулік жоқ. Ендеше, олардың қуатын адам мүддесіне бағыт­тау­ды ойластырған жобаларға тек қана сәттілік болсын.

Ұлытау облысы,

Жезқазған қаласы

Бөлісу:
Күннен де, желден де қуат алады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар