Әлем
1 мин оқу 530

Сирияда үйінді астында 3 ай бойы жатқан ер адам құтқарылды

<p style="text-align: justify;">Сириядағы жер сілкінісінен үш айға жуық уақыт өткеннен кейін үйінді астынан тірі адам табылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp; Akhbar.fouri сайтына сілтеме жасап.</p>

Үйінді арасында 3 ай бойы су мен азықсыз жатқан ер адам қатты азып кеткен. Жойқын зілзала салдарынан зардап шеккен ер адам дәрігерлердің бақылауына алынды. 

н

Еске салайық, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы 7,7 және 7,6 балдық жер сілкінісі болды. Зілзала салдарынан 50 мыңнан астам адам көз жұмды. Жер сілкінісінен кейінгі дүмпулер Сирияда, Иранда және жақын маңдағы басқа да бірқатар елдерде сезілді.

Сирияда болған жер сілкінісі салдарынан 6-7 мыңдай адам қайтыс болып, мыңдаған адам түрлі жарақат алған.

Бөлісу:
Сирияда үйінді астында 3 ай бойы жатқан ер адам құтқарылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар