Қаржы
1 мин оқу 310
Доллар қайта қымбаттады
<p style="text-align: justify;">Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қайта көтерілді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сілтеме жасап.</p>
Күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 0,45 теңгеге көтеріліп, 449,69 теңгені құрады.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 17 мамырдағы бір долларға арналған ресми бағамы 449,13 теңгені құрайды.
Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 445,77 теңгеден сатып алынып, 449,86 теңгеден сатылып жатыр. Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 448,29 теңге, сату – 450,98 теңге.
Бөлісу: