Президент
1 мин оқу 330

Қасым-Жомарт Тоқаев көлік дәліздерін әртараптандыруға қатысты ұсыныс айтты

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы &nbsp;ҚХР Төрағасымен жүргізген келіссөз барысында &laquo;Бір белдеу &ndash; бір жол&raquo; бастамасына тоқталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Қасым-Жомарт Тоқаев көлік дәліздерін әртараптандыруға қатысты ұсыныс айтты

«Экономикалық әлеуеттің жүзеге асырылуы көбінесе көлік-транзит саласына байланысты. Бұл жерде Сіздің ауқымы жағынан бірегей «Бір белдеу – бір жол» бастамаңыздың аясындағы табысты ынтымақтастығымызды ерекше атап өткім келеді.

Осы жылдар аралығында «Бір белдеу – бір жол» жобасын бірлесіп жүзеге асыруда елеулі нәтижеге қол жеткізілді», деді Президент.

Бұл ретте Президент көлік-логистика саласына қатысты ұсыныс білдірді.

«Ертең Сиань қаласының құрғақ портында логистика орталығы іргетасының онлайн режимде қалануы біздің көлік-логистика саласындағы байланыстарымыздың тағы бір белесі болмақ. Көлік дәліздерін әртараптандыру аясында Транскаспий халықаралық көлік бағдарының (ТХКБ) әлеуетін белсенді түрде пайдалануды ұсынамын», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бөлісу: