Шахмат
1 мин оқу 454

Әлем чемпионын жеңді

<p style="text-align: justify;">Кейінгі жылдары шахматтағы қазақ қыздары әлемдік ареналарда ірі-ірі жеңістерге қол жеткізіп жүр. Жуырда 16 жастағы Алуа Нұрманова әлем чемпионы қытайлық Цзюй Вэньцзюнді жеңіп, &laquo;Pro Chess League&raquo; турнирінің жеңімпазы атанды.</p>

Әлем чемпионын жеңді

1 ақпан мен 15 мамыр аралығында ұйымдастырылған жүлде қоры 150 000 АҚШ долларын құрайтын онлайн командалық шахмат турнирінде Алуа Нұрманова халық­аралық дәрежедегі гроссмейстерлер – Хи­кару Накамура (АҚШ), Владимир Фе­досеев (Ресей) және Шамсиддин Вохи­дов­пен (Өзбекстан) бірге «Gotham Knights» командасында өнер көрсетті.

Отандасымыз жарыс барысында Адхибан Баскаран (Үндістан), Николас Теодору (Грекия), Бенджамин Бок (Нидерланд) се­кілді гроссмейстерлермен тең ойнап, ше­шуші бәсекеде қытайлық әлем чемпио­нын тізе бүктіріп, командасына жеңіс сый­лады. «Pro Chess League» жарысының негізгі кезеңінде әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған 16 команда сынға түсті.

Бөлісу:
Әлем чемпионын жеңді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар