Қоғам
1 мин оқу 363

Екібастұзда жөнделіп жатқан құбырдан ыстық су атқылап, көшені басып қалды

<p style="text-align: justify;">Екібастұзда жөндеу жүріп жатқан құбырдан ыстық су атқылап, көшені басып қалды, деп хабарлайды&nbsp;&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;<a href="https://pavlodarnews.kz/admin/%D0%A0avlodarnews.kz.">Рavlodarnews.kz</a>&nbsp;сайтына сілтеме жасап.</p>

Екібастұзда жөнделіп жатқан құбырдан ыстық су атқылап, көшені басып қалды

Екібастұз қаласы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін сағат 6:30-да болған. Мәшһүр Жүсіп көшесі бойындағы диаметрі 820 мм №2 жылу магистралінің жөндеу жүріп жатқан учаскесіндегі бекіткіште ақау анықталған.

«Қазір су тоқтатылды. «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС жұмысшылары ақауды жою бойынша жұмыстарды жүргізіп жатыр», деді әкімдіктен.

Сонымен қатар мердігердің бүгін сағат 14:00-ге дейін жағдайды реттеуді жоспарлап отырғаны хабарланды.

Бөлісу:
Екібастұзда жөнделіп жатқан құбырдан ыстық су атқылап, көшені басып қалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар