Қаржы
1 мин оқу 292
Доллар тағы арзандады
<p style="text-align: justify;">Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы төмендеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сілтеме жасап.</p>
Күндізгі сауданың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,58 теңгеге төмендеп, 449,19 теңгені құрады.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 18 мамырдағы бір долларға арналған ресми бағамы 449,69 теңгені құрайды.
Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 445,95 теңгеден сатып алынып, 450,00 теңгеден сатылып жатыр.
Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 446,87 теңге, сату – 449,98 теңге.
Бөлісу: