Футбол
1 мин оқу 370

Тобықтан қаққан төрт гол

<p style="text-align: justify;">Кеше УЕФА Чемпиондар лигасының екінші жартылай финалдық матчының жауапты кездесуі өтіп, &laquo;Манчестер Си&shy;ти&raquo; араға екі жыл салып тағы да фи&shy;налға шықты.</p>

Тобықтан қаққан төрт гол

Англияның Манчестер қаласындағы 55 мыңға жуық жанкүйерге арналған «Этихад» стадионында алаң қожайындары Чемпиондар лигасының 14 дүркін жеңімпазы Испанияның «Реал» командасын қабылдап, қарсыластарын 4:0 есебімен тізе бүктірді. Алаң иелері сапынан бірінші таймда Бернарду Силва дубльдің авторы атанса (23 және 37-минуттарда), екінші таймда Эдер Милитао (76-минут) өз қақпасына гол соғып алды. Ал кездесудің нүк­тесін 91-минутта Хулиан Альварес қой­ды. Мадридтегі алғашқы матчта 1:1 есебі тір­келген болатын.

Осылайша, турнирдің былтырғы жеңім­паздары биыл жартылай финалда сүрініп, өз атағын қорғай алмады. Сөйтіп, 2022/23 жылғы маусым финалында «Интер» мен «Манчестер Сити» клубтары кездесетін болды. Матч 11 маусым күні Ыстанбұлда өтеді.

Бөлісу:
Тобықтан қаққан төрт гол · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар