Спорт
1 мин оқу 330

Мықтылар анықталды

<p style="text-align: justify;">Петропавл қаласында қыздар арасында бокстан VI жаз&shy;ғы республикалық спартакиада басталды. Бұған еліміз&shy;дің барлық аймағынан 17 командаға біріккен 90 қыз қа&shy;тысып жатыр. Соның ішінде Астана, Алматы, Шымкент сияқты республикалық маңызға ие қалалардың командалары да бар. Қатысушылар 12 салмақ санаты бойынша чемпиондық атаққа таласады.</p>

Мықтылар анықталды

Спартакиаданың ашылу салтанатына еліміздің үлкен қалаларынан келген спорт майталмандары және Солтүстік Қазақстан облысының спортына еңбек сіңіріп жүрген азаматтар қатысты. Облыс әкімі Айдарбек Сапаровтың атынан құттықтау сөзді әкім­дік аппаратының басшысы Олжас Ыдырысов оқып берді. Құттықтауда қатысу­шы­ларға қайрат пен жігер, ше­бер­лік пен сәттілік тілеп, Қы­зылжар өңірі спортының жа­рық жұлдыздары да аталып, қол жеткізген табыстар айтылды. Соның ішінде халық­ара­лық ареналардағы Есіл өңірі бокс­шыларының атой салған ең­бектері ерекше ескерілді.

Спартакиадаға қыздар ара­сындағы қазақ боксының жарық жұлдыздары түгел кел­гені кө­рініп тұр. Олар бес күн бойы Қызылжар рингінде атой салып, чемпиондық атаққа таласады. Алғашқы күннен-ақ жарыстың тартысты өтетіні көрініп қалды. Қазақстанның кешегі Ташкентте өткен әлем­дік чемпионатындағы зор табысынан рухани қуат алған қыздардың әрқайсысы алғашқы күннен өздерінің осал жаңғақ болмайтынын көрсетіп жатты. Спартакиаданың бас төрешісі Ержан Еспанбаев бастаған тө­решілер тобына олардың қай­­сының басым болғанын анық­тау оңай болмасы көрініп тұр.

Жарыс мамырдың 21-інде аяқталады. Жеңімпаздардың есімдерін сол кезде білетін боламыз.

ПЕТРОПАВЛ

Бөлісу:
Мықтылар анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар