Қоғам
2 мин оқу 263

Петропавлда қоғамдық көлік жолақысы қымбаттайды

<p style="text-align: justify;">Петропавлда және қала маңындағы елді мекендерге қатынайтын қоғамдық көліктердің жолақысы қымбаттайды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Петропавлда қоғамдық көлік жолақысы қымбаттайды

Қоғамдық көліктердің билет құнын өсіру туралы қаулы жобасы әзірленді. Құжат «Ашық нормативті-құқықтық актілер» порталында көптің талқылауына ұсынылды.

Петропавл қаласы әкімдігінің қаулысына сәйкес, облыс орталығында автобустардағы билет құны картамен төлем болған жағдайда 100 теңге, қолма-қол ақшамен төленген жағдайда 170 теңге болып бекітілмек.

Петропавл қаласының маңындағы елді мекендерге қатынайтын қоғамдық көліктерде де жолақысы қымбаттайды. Мәселен:

№ 101 «Петропавл қ. - Бескөл ауылы» бағыты, 1 километрге 10 теңге;

№ 102 «Петропавл қ. - Подгорное ауылы» бағыты, 1 километрге 13,5 теңге;

№ 103 «Петропавл қ. - Архангельск ауылы» бағыты, 1 километрге 14,2 теңге;

№ 201 «Петропавл қ. - Пеньково ауылы» бағыты, 1 километрге 13,1 теңге;

№ 301 «Беловка ауылы - Петропавл қ.» бағыты, 1 километрге 10,8 теңге;

№ 302 «Петерфельд ауылы - Петропавл қ.» бағыты, 1 километрге 10,6 теңге;

№ 303 «Боровское ауылы - Петропавл қ.» бағыты, 1 километрге 12 теңге;

№ 304 «Соколовка ауылы - Петропавл қ.» бағыты, 1 километрге 10,2 теңге;

№ 305 «Петропавл қ. - Ольшанка ауылы» бағыты, 1 километрге 14 теңге;

№ 306 «Затон ауылы - Петропавл қ.» бағыты, 1 километрге 12 теңге;

№ 307 «Петропавл қ. - Мамлютка қ.» бағыты, 1 километрге 10,9 теңге».

Қаулы жобасы 1 маусымға дейін талқыланады.

Қазір Петропавлда қоғамдық көліктерде жолақы картамен 80 теңге болса, қолма-қол ақшамен 130 теңге. Тарифті көтеру мәселесі көптен бері көтеріліп келеді.

Бөлісу: