Жел, жаңбыр: алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамы
<p style="text-align: justify;">«Казгидромет» РМК синоптиктері 20-22 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстанның басым бөлігінің ауа райын Оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер айқындайды: жаңбыр, найзағай, оңтүстік өңірлерде бұршақ сақталады.
20 мамырда батыста, солтүстік-батыста, орталықта және оңтүстікте, 20-22 мамырда еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр болжанып отыр. Сондай-ақ республика бойынша желдің күшеюі күтілуде, республиканың оңтүстігінде дауыл болжанады.
Қазақстан бойынша температуралық фонның жоғарылауы күтіледі. Түнгі уақыттарда солтүстік-батыс және солтүстікте топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді.