Қоғам
1 мин оқу 1,070
Қызылорданың қақ ортасында төбелескен жастар ұсталды
<p style="text-align: justify;">20 мамырға қараған түні полицияға тұрғындардан бір топ адамның төбелесіп жатқаны туралы қоңырау келіп түсті. Екі жақтан келе жатқан жастар бір-бірімен сөзге келіп қалған болып шықты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Полиция төбелеске қатысқан барлық 12 адамды анықтады. Олар 25-30 жас аралығындағы облыс орталығының тұрғындары екен.
Олардың барлығы ұсталып, міндетті медициналық тексеруден кейін полицияға жеткізілді.
Аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігі «Бұзақылық» бойынша тергеу басталды.
Бөлісу: