Ауа райы
2 мин оқу 520

Еліміздің 12 өңірінде қолайсыз ауа райы күтіледі

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазгидромет&raquo; РМК синоптиктері ертең, 22 мамырда қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Еліміздің 12 өңірінде қолайсыз ауа райы күтіледі

Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20, Алакөл көлдері ауданында 25 м/с. 

Қарағанды облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 18 м/с  болады. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-шығыс желі найзағай кезінде екпіні 17-22, кей уақытта 25 м/с.

Алматыда найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыс желі найзағай кезінде екпіні 17 м/с. 

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 

Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с сақталады.

Ұлытау облысының шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 18 м/с. Облыстың орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. 

Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с.

Павлодар облысының шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі бар.

Бөлісу:
Еліміздің 12 өңірінде қолайсыз ауа райы күтіледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар