Қоғам
1 мин оқу 770

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының әкімі тағайындалды

<p style="text-align: justify;">Президент Әкімшілігінің және Мұғалжар аудандық мәслихатының келісімімен Дархан Ермағанбетов Мұғалжар ауданының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының әкімі тағайындалды

Дархан Жанысханұлы 1986 жылы Хромтау ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2008 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, 2012 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін, 2017 жылы Нархоз университетін бітірген.

2008 – 2014 жылдары Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасынан бастап, түрлі облыстық басқармаларда қызмет атқарған.

2014 – 2020 жылдары аралығында Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары және басшысы лауазымдарында еңбек етті.

2020 жылдың наурыз айынан Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының әкімі қызметін атқарып келді.

Бөлісу: