Қоғам
1 мин оқу 10,550

Күдебаевқа елден қашуға көмектескен күдіктілер ұсталды

<p style="text-align: justify;">Қырғызстан Республикасының әскери прокуратурасы Серік Күдебаевтың шекарадан заңсыз өту фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://24.kg/proisshestvija/266067_pobeg_kazahstanskogo_generala_ugolovnoe_delo_rassleduet_voennaya_prokuratura/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">24.kg</a>&nbsp;сайтына сілтеме жасап.</p>

Алматы облысы бойынша ішкі істер департаментінің бұрынғы бастығы қазақ-қырғыз шекарасын заңсыз кесіп өткен еді. Расталмаған ақпаратқа сәйкес, бақылау-өткізу бекеттерінің бірінде Шекара қызметінің әскери қызметкері оның Қырғызстан аумағында болуын заңдастырған.
«Кейін Серік Күдебаев «Манас» әуежайы арқылы Түркияға ұшып кеткен. Әскери прокуратура заңсыз көші-қон фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Аталған іс бойынша төрт адам күдікке ілінді. Олар Бішкектегі №1 тергеу изоляторына қамалды, олардың бірі әскери қызметкер болса, қалғандары – бейбіт тұрғындар», делінген 24.kg ұсынған деректе.
Серік Күдебаев осы жылдың сәуір айында ұсталып, Қазақстанға жеткізілді. Бұл ақпаратты Бас прокурор Берік Асылов ресми түрде растаған еді. 
Бөлісу:
Күдебаевқа елден қашуға көмектескен күдіктілер ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар