Елорда
1 мин оқу 361
Астанада бос жұмыс орындарына арналған жәрмеңке өтеді
<p style="text-align: justify;">Елорданың «Жастар» сарайында 24 мамыр күні жастарға арналған бос жұмыс орындарына арналған жәрмеңке ұйымдастырылады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.</p>
24 мамыр күні таңғы сағат 10:00-де «Жастар сарайы» ғимаратында (Астана қаласы, Республика даңғылы, 34) жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді. Іс-шарада келушілерге жастар үшін микрокредиттер, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары туралы, оның ішінде «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша ақпарат беріледі.
Бөлісу: