Музей
1 мин оқу 420

Өнерпаздар бас қосқан күн

<p style="text-align: justify;">Бұл жолы да Өнер музейінде өтіп жатқан &laquo;Музей түні&raquo; халықаралық акциясына жиналған жұрттың қарасы аз болмады. Күмбірлете күй төккен дәулескер күйші де, жезтаңдай әнші де музейлердің маңынан табылды. Қылқалам шеберлерінің де бастары қосылып, мәре-сәре болысты.</p>

Өнерпаздар бас қосқан күн

Өнер музейінің «Музейдегі экс­понат» атты бөлімін тама­шалауға келген көрерменді домбырашылар күймен қарсы алды. Балдырғандар да би билеп, ән салды. Жауһар дүниелер қойылған сөрелерді қызықтаған ел Надежда Хаба­ро­ваның қыш ыдыстарын өңдеудегі шеберлігін көріп, таңдай қағысты. Төргі залда компьютерлік графика әуесқойлары «Digital art» байқауында жаңа технологияның ғажап мүмкіндіктеріне тән­ті болды. Үлкен залда му­зей жо­ба­­ларының ең белсенді қатысу­шы­­­лары марапатталды. Олардың ішін­­де суретшілер, музыканттар, шы­ғар­­машылық ұжымдардың же­тек­шілері бар.

– Біздің бабадан қалған мұ­ра­­­мызды сақтап келе жат­қан­ музейдің орны ерекше. Ба­йыр­­ғы өнердің өрнегін сақтап отыр­­ған музейдің жұмысы же­міс­ті болсын. Бүгінгі болып жат­­қан «Музей түні» шарасы көрер­мендерге рухани ләззат сыйласын, – деді Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің қазақстандық салалық кәсіптік одағы облыстық филиалының төрағасы Түсіпхан Түсіпбеков.

Мәдени шара барысында­ су­рет­­шілер көрермендердің порт­рет­­терін салып, қонақтарға тарту жа­­сады. Музей қонақтары модель ретінде «Сен – басқасың», «Сен­ – осындайсың» және «Үз­дік­ қолтаңба» байқауларына қаты­сып, түрлі сыйлықтарға ие болды.

– Музей – біздің қара шаңы­ра­­ғы­мыз. Қай уақытта болсын өнер­ туындымызды арқалап осы мәдениет ошағына келеміз. Бұл рухани шаңырақ суретшілердің көр­мелерін өткізіп, қылқалам шеберлеріне қолдау көрсетіп оты­рады, – деді суретші Құдаш Нұрсадықов.

Бұл күні өңірдегі өзге де му­зейлерде қызыққа толы таным­дық­ іс-шаралар өтіп жатты.

Өскемен

Бөлісу:
Өнерпаздар бас қосқан күн · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар