Димаштың Перудегі жанкүйерлері балалар үйіне көмектесті
<p style="text-align: justify;">Перудегі Dears жанкүйерлері балаларға көмектесу үшін қайырымдылық акциясын ұйымдастырды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

«La Ciudad de los niños» (Балалар қалашығы) үйінде ата-анасыз қалған және тамақ пен оқуға қаражаты жоқ мектеп жасындағы жасөспірімдер тұрады. Фан-клубтар өздерінің ресми әлеуметтік желілері арқылы осы балалар үйі туралы ақпарат таратып, мамыр айында қайырымдылық көмек көрсеткен.
Фан-клубтардың әкімшілерінің айтуынша, бұл қайырымдылық акциясына Димаштың үлгі көрсетуі мен оның балаларға деген шексіз сүйіспеншілігі шабыттандырған. Бұдан соң, Перудегі Димаштың фан-клубтары (Dimash Qudaibergen Peru World және Dimash Kudaibergen Peru Dears) балаларға көмек жобасын жүзеге асыру үшін бірігіп жұмыс істеген.