Теннис
1 мин оқу 270

Юлия Путинцева мен Анна Данилина Мароккодағы турнирді жеңіспен бастады

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 24-ракеткасы Анна Данилина Рабат (Марокко) WTA 250 жарысының ширек финалына шықты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, доданың үшінші ракеткалары болып тіркелген қазақстандық теннисші мен мажарстандық Тимея Бабош алғашқы айналымда чехиялық Анастасия Детюк – венесуэлалық Андреа Гамиспен шеберлік байқасты.

Тартысты өткен бірінші партияда қазақстандық-мажарстандық дуэт тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 7:6 (7:3). Екінші сетте Детюк пен Гамиске еш мүмкіндік қалдырмады – 6:0.

Әлемнің 61-ракеткасы Юлия Путинцева Марокко астанасы Рабатта өтіп жатқан WTA 250 турнирін жеңіспен бастады. Топырақ төсенішінде өтіп жатқан жарыстың алғашқы айналымында қазақстандық теннисші дүниежүзілік рейтингте 1230-орында тұрған марокколық Ая Эль-Аунимен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда үш брейк жасаған Путинцева айқын басымдылық көрсетті – 6:1. Ол екінші сетте де 3:0 есебімен алға кетіп 6:4 есебімен жеңді. 

Юлия Путинцева жүлде қоры 259 303 АҚШ долларына бағаланған доданың ширек финалына шығу үшін әлемнің 129-ракеткасы, франциялық Леолия Жанжанмен кездеседі.

Бөлісу:
Юлия Путинцева мен Анна Данилина Мароккодағы турнирді жеңіспен бастады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар