Спорт
1 мин оқу 440

Головкин бас тартқан титул кімге бұйырады?

<p style="text-align: justify;">Бразилиялық боксшы Эскива Фалькао (30-0, 20 КО) IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулы үшін неміс Винченцо Гуальтьеримен (20-0-1, 7 КО) жекпе-жек өткізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Головкин бас тартқан титул кімге бұйырады?

«Құдайға шүкір, жекпе-жек жақындап келеді! Тарихқа қосылыңыздар»,  деп жазды Фалькао Instagram-дағы парақшасында.

Боксшы жариялаған ресми постерде Фалькао — Гуальтьери кездесуі 1 шілдеде Вупперталь (Германия) қаласында өтетіні жазылған.

Боксшылар таласатын орта салмақтағы IBF белдігі әзірге бос. Бұрын ол қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге (42-2-1, 37 КО) тиесілі болатын, бірақ ол титулдан бас тартты.

Бөлісу:
Головкин бас тартқан титул кімге бұйырады? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар