Қоғам
1 мин оқу 380
Түркістан облысында 20 адам суға батып кеткен
<p style="text-align: justify;">Түркістан облысында шомылу маусымы басталмай жатып 20 адам суға кеткен. Ажал құшқандардың 15-і - кәмелет жасына толмаған балалар, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> «Qazaqstan» ұлттық арнасына сілтеме жасап. </p>

Өңірдің төтенше жағдайлар департаменті 15 баланың барлығы дерлік ата-ана назарынан тыс суға түскенде жазатайым оқиғаның құрбаны болғанын айтады.
Айта кетсек, шомылу маусымы ашылар алдында әр өңірде шомылуға арналған арнайы орындар жабдықталады. Ол жерлер арнайы құтқарушылармен қамтамасыз етіледі.
Еске сала кетсек, өткен жылы облыста 37 адам суға батса, оның 29-ы балалар болған.
Бөлісу: