Астананың сол жағалауында салынып жатқан ғимарат өртенді
<p style="text-align: justify;">Бүгін, 23 мамырда Астананың сол жағалауында құрылысы аяқталуға жақын жаңа ғимараттардың бірі өртенді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Елорданың Төтенше жағдайлар департаменті Мұхаметханов көшесіндегі құрылыс алаңында өрт шыққаны туралы хабарлады.
Әлеуметтік желіде «Хан-Шатыр» ойын-сауық және сауда орталығы аумағындағы қара түтін бейнеленген видео тарады. Куәгерлердің айтуынша, өрт орнында жарылыс дыбыстары да естілген.
Қалалық ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, өрт сөндірушілер өрт туралы хабарламаға сағат 16:28-де шыққан.
«Мамандардың айтуынша, оқиға орнында үш газ баллоны жарылған, жарылыс салдарынан жабындық материалдың 15 орамы өртенген. Жалын 16:45-те оқшауланды», делінген хабарламада.
Ведомство мәлім еткендей, оқиға орнына жеке құрамның 19 адамы мен 4 техника жұмылдырылған.