Аймақтар
1 мин оқу 502

Аралдағы «Қызғалдақ фестивалі»

<p style="text-align: justify;">Аралда осындай фестиваль өтті дегенде екінің бірі &laquo;оу, құм суырған өлкеде қайдағы қызғалдақ?&raquo; деуі әбден мүмкін. Әйтсе де шөл далада да көрген жанның көзін қызық&shy;тырар небір өсімдік бар ғой. Соның бірі &ndash; осы аймақта жиі кездесетін Борщов қызғалдағы.</p>

Аралдағы «Қызғалдақ фестивалі»

Аты Илья Борщов дейтін орыс ботанигінің құрметіне қойылған бұл гүл Торғай, Арал өңіріндегі құмды шөлдерде, Қызылқұмда кездеседі. Арал­дағы Барсакелмес қорығының сәнін кіргізіп тұрған да осы гүл. Қыста қар мол түскен жыл­дары лалагүлдер тұ­­қым­­дасының қызғалдақ то­бы­­на жататын бұл өсімдіктің Қар­­­мақшыдағы Қорқыт ата кесе­­несінің маңында жай­қа­лып тұрғанын да талай көр­генбіз. Жапырағы кәдімгі алоэнің сабағына келіңкірейтін Бор­щов қызғалдағы мұнай өндірілетін Құмкөл маңайын да «жатырқай» қоймайды.

Жалпы, елімізде қыз­ғал­дақтың 35 түрі өссе, оның 18-і «Қызыл кітапқа» енген. Бар­сакелмес қорығында сәуір-мамыр айларында гүл­деп, мамыр-маусым айларында тұқым шашатын Борщов қызғалдағынан бөлек елімізде қорғауға алынған тағы 4 өсімдік өседі.

Көктемнің көркі, сұлу­лықтың нышаны қызғал­дақтарды қорғау мен дәріптеу мақсатында республикалық «Парк­тер шеруі-2023» та­биғат қорғау акциясы аясында Аралда «Қызғалдақтар фес­тивалі» өтіп, Борщов қыз­ғалдағы туралы мектеп оқу­шыларының жасаған таным­дық көрмелері мен паннолар ұйымдастырылды. Аудан мектептерінде дала сәніне айналған қызғалдаққа арналған экологиялық іс-шаралар өтті.

Қызылорда

Бөлісу:
Аралдағы «Қызғалдақ фестивалі» · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар