Бибісара Асаубаева Кипрдегі Гран-приде жеңіске жетті
<p style="text-align: justify;">Никосия қаласында ФИДЕ әйелдер Гран-приі қорытынды кезеңінің 7-ші тур партиясы аяқталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://www.sports.kz/news/bibisara-asaubaeva-obyigrala-eks-rossiyanku-i-oderjala-pervuyu-pobedu-na-gran-pri-v-nikosii" target="_blank" rel="nofollow noopener noreferrer">Sports.kz-ке</a> сілтеме жасап.</p>

Барлық үш партияда еліміздің шахматшысы қара фигуралармен жеңіске жетті. 19 жастағы Бибісара Асаубаева Швейцарияның атынан өнер көрсететін Александра Костенюкты жеңді. Бұл Асаубаеваның Гран-при кезеңіндегі бірінші жеңісі, бұған дейін ол төрт рет тең нәтиже көрсетіп, екі рет жеңіліп қалған еді.
7-тур нәтижесі:
Александра Костенюк — Бибісара Асаубаева — 0:1.
Оливия Кёлбаса — Нана Дзагнидзе — 0:1.
Екатерина Лагно — Динара Вагнер — 0:1.
Полина Шувалова — Харика Дронавалли — 0,5:0,5.
Гюнай Мамедзаде — Александра Горячкина — 0,5:0,5.
Тань Чжунъи — Бела Хотенашвили — 0,5:0,5.
Жеті турдан кейінгі орындар:
1. Динара Вагнер — 5 ұпай.
2-3. Тань Чжунъи, Харика Дронавалли — 4,5.
4-6. Екатерина Лагно, Александра Горячкина, Полина Шувалова — 4.
7. Нана Дзагнидзе — 3,5.
8-11. Александра Костенюк, Бела Хотенашвили, Бибісара Асаубаева, Гюнай Мамедзаде — 3.
12. Оливия Кёлбаса — 0,5.