Аймақтар
1 мин оқу 264

Атырауда екі шағын автобус өртеніп кетті

<p style="text-align: justify;">Атырауда М.Баймұханов көшесіндегі №3 қалалық емхана ауданында екі шағын автобус өртенді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Облыстық ТЖД ұсынған ақпаратқа сәйкес, түрлі сақтандыру компанияларына тиесілі Toyota Hiace және Nissan Serena автокөліктері өртеніп кеткен.

Мамандардың айтуынша, шағын автобустардан тараған өрт жақын маңдағы дүңгіршектің қабырғасына зақым келтірген.

Өрт 11:27-де оқшауланып, 11:31-де толығымен жойылды.

Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр.

Өртті сөндіруге облыстық ТЖД-ның 7 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ.

Бөлісу:
Атырауда екі шағын автобус өртеніп кетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар