Елорда
1 мин оқу 494

Астанада Мемлекеттік рәміздер күніне орай бәйге өтеді

<p style="text-align: justify;">Астана қаласында Мемлекеттік рәміздер күніне орай бәйге түрлерінен республикалық турнир өтеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.</p>

Сайыстың ұйымдастырушылары – Астана қаласының әкімдігі мен Астана қаласының Ұлттық және олимпиадалық ат спорт түрлерінің федерациясы.

Бәйгенің «Құнан», «Жорға», «Топ» және «Аламан» түрлерінен еліміздің барлық облыстары мен қалаларынан бағы мен бабы келіскен шын жүйріктер сынға түседі.

Жарыстың жүлде қоры 20 млн теңгені кұрайды.

Дода 4 маусым күні сағат 12:00-де «Қазанат» атшабарында басталады. 

Бөлісу:
Астанада Мемлекеттік рәміздер күніне орай бәйге өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар