Елорда
2 мин оқу 343

Бас қаланы айшықтайтын байқау

<p style="text-align: justify;">Астана күніне орай авторлар арасында үздік жарияланымдар, репортаждар, БАҚ және әлеуметтік желілердегі Астананың дамуы туралы сюжеттер байқауы жарияланды.</p>

Бас қаланы  айшықтайтын байқау

Байқауға қатысуға барлық журналистер шақырылады. Байқауды Астана қаласының Ішкі саясат басқармасының қол­дауымен қалалық Ком­му­ни­кациялар қызметі ұйым­дас­тырады.

Астана туралы 2022 жылдың 1 маусымынан 2023 жылдың 16 маусымына дейінгі кезеңде жарияланған, эфирге шыққан мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі материалдар қабыл­данады. Бір қатысушы кон­курс­қа бір материалдан артық емес және тек бір аталым бойынша ұсына алады.

Байқау келесі аталымдар бойынша өткізіледі: «Үздік жур­налист-сарапшы» – елорда туралы баспа басылымдарында жарық көрген сараптамалық материалдар; «Үздік шолушы» – Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы интернет-басылымдардағы материалдар; «Үздік радиорепор­таж» – Астанаға арналған ра­дио­сюжеттер; «Үздік телесю­жет» – қала өмірі туралы телесюжеттер; «Үздік мобилограф» – мегаполис өмірі туралы бейнероликтер; «Үздік фоторепортаж» – Астана туралы фотосуреттер; «Әлеуметтік желідегі Астананың 25 жылдығы туралы үздік материал» арнайы ата­лымы әлеуметтік желідегі үздік материалдарды анықтауға ба­ғытталған. Әлеуметтік же­лілердегі (Facebook, Instagram және TikTok) танымал топтар мен пабликтер қатысуға өтініш бере алады.

Аталымдар бойынша жеңім­паздарды белгілі журналис­терден, медиа-сарапшылардан және елордадағы осы сала­ның құрметті өкілдерінен құрал­ған кон­курстық комиссия айқын­дай­ды.

Ең үздік жұмыс ақшалай сертификаттармен ынталандырылады. Бірінші орын үшін 1 миллион теңге, екінші орын үшін 500 мың теңге, үшінші орын үшін 300 мың теңге.

Өтінімдер 2023 жылдың 16 маусымына дейін мына элек­трондық пошта арқылы қабыл­данады:sluzhbakommunikatsiy@mail.ru.

Ұйымдастыру комитетінің байланыс телефоны: 8 (702) 407-52-82. Байқаудың толық ережесімен елорда әкімдігінің ресми сайтынан танысуға болады.

Бөлісу:
Бас қаланы айшықтайтын байқау · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар