Қоғам
2 мин оқу 292

Өнерге арналған зерттеу

<p style="text-align: justify;">Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық уни&shy;вер&shy;си&shy;те&shy;тін&shy;де Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Тіле&shy;у&shy;ғали Қышқашбайдың &laquo;Қазақ өнер әлемі&raquo; атты моно&shy;гра&shy;фиясының тұсаукесері өтті.</p>

Өнерге арналған зерттеу

Автор өз моногра­фия­­­сында қазақ мәде­ние­тінің инте­гративті ерек­шелік мәсе­лелерін қарас­тырады. Моно­гра­­­­фия­лық еңбек жоға­ры­­ оқу орындарының сту­дент­теріне, магис­трант­тар­ға, докторанттарға, гума­ни­­­тарлық сала мамандарына­ арналған.

Аталған іс-шараға таны­мал ғалымдар Бүркітбай Ая­ған,­ Тұрсын Жұрт­бай, Серік Неги­мов, Ө.Озғанбай, К.Құрманәлиев мемлекет және қоғам қай­раткері Дархан Мың­бай қатысып, автордың еңбе­гі жайында ой-пікірлерін ортаға салды.

– Тілеуғали Әшір­бек­­ұлын Т.Жүр­­­­ге­­нов ака­д­емиясында­ оқы­­­ту­­шы болып жүрген ке­зім­­нен бастап танимын. Ке­йін ғылыми жетекшім бол­ды. Тұңғыш рет эстрада сала­сына қатысты диссертация­ны­ сәтті қорғап шыққан едік. Сол кезден бастап өзінің ерекше болмысымен, ісіне деген адалдығымен, еңбексүйгіштігімен бар­ша­­мызға үлгі болды. Тілеу­ға­ли­ ағаны ұстазым ретінде ғана емес, жолымды ашқан ме­йірбан аға ретінде де құр­меттеймін, – деді Қазақ ұлт­тық хореография акаде­мия­сының ректоры Бибігүл Нүсіп­­жанова.

Тілеуғали Қышқашбай – алты монография мен бес оқулықтың, 16 оқу құралы және 50-ге жуық ғылыми мақаланың иесі.

– Кітаптың бірінші тарауы қазақ өнерін зерт­теу­дің негізгі арнала­ры­на арналған. Бұдан ке­йінгі тарауларда қазақ өнерінің мифтік-діни үлгісінің принциптері және парадигмалық мүм­кін­діктері, ертедегі көш­пе­лілер өнері синтезінің ерек­шеліктері талданды. Кейінгі үш тарауда орта ғасыр дәуіріндегі қазақ өнерінің өзара байланысу­ пара­дигмасы, жаңа дәуір­дегі төл өнердің транс­ля­ция­лық түйінділігі мен инте­грациясы, сондай-ақ ұлт­тық өнердің өзара бай­ла­ны­с­ының жаңа тип­тері қам­тыл­ды, – дейді автор.

Күннұр БОЛАТБЕК,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың

2-курс студенті 

Бөлісу:
Өнерге арналған зерттеу · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар