Спорт
1 мин оқу 307
Тимофей Скатов финалға шықты
<p style="text-align: justify;">Қазақстанның екінші, әлемнің 147-ракеткасы Тимофей Скатов Ролан Гаррос турнирінің іріктеу сайысындағы екінші матчта жеңіске жетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Тимофей Скатов іріктеу сайыстарының финалына шығу үшін әлемнің 119-ракеткасы, финляндиялық Отто Виртаненмен ойнады.
Бірінші партияда қарсыласы Виртанен 6:4 есебімен басым түсті. Екінші сетте қазақстандық теннисші 6:2 есебімен жеңді. Үшінші, шешуші партияда Скатов 7:5 есебімен ұтып кетті.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық теннисші іріктеу сынындағы алғашқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте өзінен бір саты жоғары тұрған канадалық Габриэль Диалломен өткізіп, жеңген еді.
Бөлісу: