Шахмат
1 мин оқу 511

Бибісара Асаубаева Кипр Гран-приінде тағы да жеңіске жетті

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық шахматшы Бибісара Ассаубаева Кипр Гран-приінің төртінші кезеңінде ақ фигуралармен тағы бір қарсыласынан басым түсті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Блицтен екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева осы жарыстың сегізінші турында грузин шахматшысы Белла Хотенашвилиді жеңді. Бұл жеңістен кейін қазақстандық ойыншы 4 ұпай жинап, турнир кестесіндегі орнын сәл де болса жақсартты.

Бибісара Грузия өкілі Нана Дзагнидземен 7-8-орындарды бөлісіп тұр. Никосия әйелдер Гран-приінің финалдық кезеңіне барлығы 12 шахматшы қатысады, олар бір-бірімен айналмалы жүйе бойынша ойнайды.

Бүгін Бибісара Асаубаева поляк спортшысы Оливия Киолбасамен кездеседі.

Бөлісу:
Бибісара Асаубаева Кипр Гран-приінде тағы да жеңіске жетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар