Білім
1 мин оқу 470

Биыл 172 мың түлек мектеп бітіреді

<p style="text-align: justify;">Қазақстанда 172 мың түлек мектеп бітіреді, оның ішінде 6,8 мың оқушы - &nbsp;&laquo;Алтын белгіге&raquo; үміткер, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Биыл 172 мың түлек мектеп бітіреді

Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысы барысында айтты. 

«Биыл Қазақстан мектептерінде 3,7 млн астам оқушы оқу жылын аяқтайды. 11-сыныпты – 172 мың түлек бітіреді, оның ішінде 6,8 мың түлек «Алтын белгіге» үміткер», деді министр Үкімет отырысында.

Оқу жылының аяқталуы бойынша салтанатты шараны 1 маусымда – Балаларды қорғау күнін мерекелеу аясында өткізу жоспарланған.

Аттестаттарды салтанатты табыстау рәсімі 20-22 маусым аралығында өтеді.

Сондай-ақ қорытынды емтихандар 9-сыныптарда 2-13 маусым аралығында, ал 11-сынып түлектері үшін 5-19 маусым аралығында өтеді.

Бөлісу:
Биыл 172 мың түлек мектеп бітіреді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар