«Өмір туралы баллада»: Димаштың жаңа бейнебаяны шықты
<p style="text-align: justify;">Димаш Құдайберген өзінің туған күнінде барша жанкүйеріне арнап «Өмір» атты жаңа композициясын ұсынды. Бейнебаянда орындаушының бала кезінен бастап, бүгінде бүкіл әлемге танылып жүрген өнерпаз атанғанға дейінгі өмірі мен шығармашылық жолы баяндалады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Өмір» әні – Димаш Құдайбергеннің терең де әсерлі композиторлық туындысы. Онда әртіс өзімен іштей монолог жүргізіп, өмірді бір-бірден сұрыптап, ішкі жан дүниесі туралы сыр ақтарады.
- «Өмірдің» – әуені де, сөзі де менің ішкі дүниемнен алғаш шыққан туынды, туған күніме арналған шығарма. Мені су бетіндегі алапат толқынға, ызғарлы дауылға қарсы тұруға шақырған барша тыңдарманыма арнаймын. Бұл туынды менің өмірім туралы, - деді Димаш жаңа бейнебаяны жайлы.