Спорт
1 мин оқу 254

Путинцева – үшінші кезеңде

<p style="text-align: justify;">Марокконың астанасы &ndash; Рабатта өтіп жатқан WTA-250 турнирінде Қазақ&shy;станның екінші ракеткасы Юлия Пу&shy;тинцева үшінші кезеңге шықты.</p>

Путинцева – үшінші кезеңде

Жүлде қоры 259 303 АҚШ долларын құрайтын жарыстың тұсаукесер кездесуінде жерлесіміз 17 жасар жергілікті ойыншы Ая әл-Ауниден 6:1, 6:4 есебімен айласын асырды. Келесі кезеңде де жеңіске жету Пу­тинцеваға еш қиындық туғызған жоқ. Әлемдік рейтингте 129-орында тұрған фран­циялық Леолия Жанжан жерлесімізге жарытып қарсылық көрсете алмады. 1 сағат 14 минутқа созылған бәсеке 6:2, 6:1 есебімен аяқталды. Енді ол Хулио Реара­мен сайысқа түседі. Аргентинаның өкілі WTA тізімінде небәрі 552-орынды қанағат тұтқанымен, алғашқы айналымдарда Кристина Младенович (Франция) пен Маяр Шериф (Мысыр) секілді белгілі теннисшілерді ұтып, көпшілік назарын өзіне аударған еді.

Францияның Лион қаласында өтіп жат­қан АТР-250 додасында Александр Не­довесов пен мексикалық Мигель Анхель Рейес-Варела жұбы ширек финалда сүрінді. Олар АҚШ пен Ұлыбританияның өкілдері Раджив Рам мен Джо Солсбериге 4:6, 6:3, 7:6 есебімен жол берді.

Бөлісу:
Путинцева – үшінші кезеңде · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар