Білім
2 мин оқу 660

Алма Қыраубаева оқулары

<p style="text-align: justify;">Жуырда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универси&shy;тетінде &laquo;Жәдігер&raquo; орталығының ұйымдастыруымен көрнекті ғалым, ұлағатты ұстаз, филология ғылымдарының докторы, профессор Алма Қыраубаеваның авторлық бағдарламасы негізінде ашылған гуманитарлық қазақ мәдениеті лицейінің 30 жылдығына орай &laquo;І Алма Қыраубаева оқулары&raquo; өтті.</p>

Алма Қыраубаева оқулары

Көрнекті ғалым «Ғасыр­лар мұрасы», «Ежелгі әдебиет», «Шы­ғыстық қисса-дастан­дар» ат­ты еңбектерімен ғы­лым ­жо­лында өз қолтаңба­с­ын ­қал­­дырды. Осы жинақта­рын­­да баланың бойына ең алдымен адамгершілік пен кісілік қасиетті қалыптастыруды ­мақ­­сат еткен ұлағатты ұс­таз Мағ­жан Жұмабаевтың ­«Пе­­­да­­­го­гикасы» мен Жүсіп­бек Ай­мауытұлының «Жан жүйе­­сін» ұлттық тәрбиенің нұс­­қау­лы­ғы ретінде қарастыр­ды. Алма апай – халқымыздың ­ұлы ­мұ­­ратын өмірлік мақсаты­на айналдыра білген жан. ­Ғы­­лым жолында жүріп, ұлт­тық мектептің не­гізін қалады.

Алғашқы болып сөз алған фи­лология ғылымдарының кан­ди­даты Самал Дәрібаев айту­лы ғалымның өмірі мен қай­раткерлік жолына қысқаша тоқталды.

«Алма Қыраубаева ғы­­лым мен педагогика саласы­на ­зор үлес қосып, артына мол мұ­ра қал­дырды. Ғалымның өне­ге­лі өмір жолы баршамызға ­үлгі бо­лары хақ. Профессордың ­ғы­лыми орасан еңбегін кеңі­нен насихаттау мақсатында бұл іс-шара алғаш рет өткізіліп отыр, ке­лешекте оны дәстүрге айналдыру жоспарда бар», деді ол. Ғалымның баласы Бұлан Тәйті анасы туралы жылы ес­телігімен бөлісті.

Алғаш өтіп отырған ға­лым оқуларына еліміздің әр өңі­­ріндегі жоғары оқу орындарынан 9 ғылыми жоба мен 28 эссе қабылданды. Бай­қау­ға Қазақ ұлттық уни­верси­те­ті филология факуль­тетінің оқытушылары қазылық етті. Ғалымның ежелгі және орта ғасырлардағы әдеби жәді­герлер, шығыстық қисса-дас­тандар туралы зерттеулерінің маңызы мен ұлттық мектеп тұ­жырымдамасы аталымын­да бірінші орынды М.Қозы­баев атындағы Солтүстік Қазақ­стан университетінің 3-курс сту­­дент­тері Динара Абжалова мен Аяжан Жайымбаева ­же­ңіп алды. Ал ғалымның ұс­­таздық болмысы, ғылыми-пе­да­­гогикалық еңбектері, ру­ха­ни құндылықтар туралы тұ­жы­рымдарын саралауда үз­дік эссесімен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық уни­верситетінің студенті Ахат Ділнәз топ жарды.

Іс-шара соңында байқау жеңімпаздарына Space English оқу орталығының сертификаты мен «Жәдігер» орталығының Алма Қыраубаева атындағы стипендиясы табыс етілді.

Ләйлә НОҒАЙБЕКҚЫЗЫ,

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистранты

Бөлісу: